Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 20497 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
өнеркәсіптік объектілерде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) бекітілген "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының" 23, 24, 25 және 26-нысандары бойынша жасалған қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың, қазандықтың (автономды бу қыздырғыштың, экономайзердің), қазандықтың, құбырдың немесе паспорттың электрондық телнұсқасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) бекітілген "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының" 1, 2 және 3-нысандары бойынша жасалған жүк көтергіш кранның, лифттің, көтергіштің, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188 Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына сәйкес эскалатордың, арқанды жолдың, фуникулердің паспортының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беру 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
уәкілетті орган - оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
|
|
"Қауіпті техникалық |
|
|
Нысан |
|
|
___________________________ |
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы өтініш
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(кәсіпорынның, ұйымның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
ведомстволық тиістілігі, БСН, жеке сәйкестендіру нөмірі, мекен жайы, пошталық индекс,
телефон нөмірі)
________________________________________________________________________________
(дайындалған күні мен жылы, дайындаушы зауыттың атауы, елі)
дайындалған,
зауыттық (сериялық) №
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(қауіпті техникалық құрылғының атауы, типі, түрі)
есепке алуды сұраймын
(тіркеуді)
_______________________________________________ қадағалау толықтай ұйымдастырылған
(қауіпті техникалық құрылғының түрі)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30
желтоқсандағы № 359 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 10332 болып тіркелген) бекітілген Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану
кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен (бұдан әрі - Жүк көтергіш
механизмдер бойынша қағидалар), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) бекітілген Қысыммен
жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қағидаларымен (бұдан әрі - Қысыммен жұмыс істейтін жабдық бойынша қағидалар) (керегінің астын сызу).
Қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсету үшін оқытылған персонал бар.
Тіркелетін қауіпті техникалық құрылғының техникалық жай-күйі оны қауіпсіз
пайдалануға жол береді.
Қауіпті техникалық құрылғыны қауіпсіз пайдалануды және техникалық куәландыруды
жүргізуді қадағалау жөніндегі жауапты тұлға 20__жылғы "___" ____________ №________
бұйрықпен (өкіммен) тағайындалды.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________ лауазымы,
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жүк көтергіш механизмдер бойынша қағидаларды және Қысыммен жұмыс істейтін жабдық
бойынша қағидаларды (керегінің астын сызу) білуін тексеруден өтті және
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
берілген ұйымның атауы, күні, жылы №__________ куәлігі бар.
Кәсіпорын (ұйым) басшылығы Жүк көтергіш механизмдер бойынша қағидаларға және
Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар бойынша қағидаларға (керегінің астын сызу) сәйкес
жауапты тұлғалардың оларға жүктелген бақылау функцияларын орындауы үшін жағдай
жасауға кепілдік береді.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
_______________________ _____________________________________
(ұйым басшысының лауазымы, (тегі, аты, әкесінің аты
жеке тұлғаның тегі, (бар болса) қолы)
аты, әкесінің аты (бар болса)
"_____"_________20____ жыл.
|
|
"Қауіпті техникалық |
|
|
Нысан |
|
|
___________________________ |
Қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы өтініш
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(кәсіпорынның, ұйымның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
ведомстволық тиістілігі, БСН, жеке сәйкестендіру нөмірі, мекен жайы, пошталық индекс,
телефон нөмірі)
________________________________________________________________________________
(дайындалған күні мен жылы, дайындаушы зауыттың атауы, елі)
дайындалған,
зауыттық (сериялық) №
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(қауіпті техникалық құрылғының атауы, типі, түрі, есептен шығару себебі) есептен
шығаруыңызды сұраймын
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______________________ _____________________________________
(ұйым басшысының лауазымы, (тегі, аты, әкесінің аты
жеке тұлғаның тегі, (бар болса) қолы)
аты, әкесінің аты (бар болса)
"_____"_________20____ жыл.
|
|
"Қауіпті техникалық |
|||
|
"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі |
3 (үш) жұмыс күні |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды (толықтай автоматтандырылған) |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама немесе қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
|
|
|
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемелекеттік қызметті көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) өтініш; |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заннамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) осы "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-жолында көрсетілген құжаттарды ұсынбау; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда ұсыну ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
"Қауіпті техникалық |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
|
"Қауіпті техникалық |
|
|
Нысан |
|
|
"Қауіпті техникалық |
|
|
Нысан |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 822 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17845 тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2) "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 28 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18235 тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3) "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 822 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19152 тіркелген, 2018 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК