Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14188 болып тіркелді.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 10.10.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Қ. Бишімбаев |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.04.2020 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, көппәтерлі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
3) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға.
2-тарау. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі
екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
2) құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
3) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арналған акті ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде);
4) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы.
тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтінішті;
2) салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісі. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады;
3) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арналған акті ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде);
4) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;
5) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебі;
6) инжинирингтік компаниямен шарт.
1) Портал:
осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтерді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) Мемлекеттік корпорация:
осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері толық құжатты қабылдаған кезде құжаттарды қабылдау нөмірі мен күнін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдейді, қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетіне" жібереді не осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қайтарады.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
|
|
Үлескерлердің ақшасын тартуға |
|
|
нысан |
|
|
____________________________ |
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың деректемелері, байланыс телефоны, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін жеке тұлға – өтініш берушінің мекенжайы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атынан осы өтінішті беруге өтініш берушінің өкілеттіктерін растайтын
_____________________________________________________________________
нотариалды немесе өзге жолмен куәландырылған құжатқа сілтеме)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс орны және лауазымы,
_____________________________________________________________________
тұрғылықты жері, заңды мекенжайы)
___________________________________________________
(орналасқан жері, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)
бойынша орналасқан, алаңы ___________, __________қабатты тұрғын үй (тұрғын ғимарат) салу үшін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруіңізді сұраймыз.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні пайдалануға беру мерзімі 20__ жылғы "___" _______.
Өтініш берушілер мен осы өтінішті берген заңды тұлғаның бірінші басшылары өтінішке қоса берілген құжаттардың шынайылығына, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұрау салынатын ақпараттың жергілікті атқарушы органға уақтылы ұсынылуына толық жауап береді.
Қосымша (жіберілетін құжаттардың атауы жазылған тізілімді, даналар санын және олардың әрқайсысының парақ санын көрсету керек):
__________________________________
(Құрылыс салушының қолы, күні)
_________________________________
(Уәкілетті компанияның қолы, күні)
|
|
Үлескерлердің ақшасын тартуға |
"Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1. |
Көрсетілетін қызметті |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
|
|
2. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) Мемлекеттік корпорация; |
|
|
|
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
8 (сегіз) жұмыс күні |
|
|
|
4. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде |
|
|
|
5. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
|
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; |
|
|
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі |
1. Мемлекеттік корпорацияға: |
|
|
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық емес екенін анықтау; |
|
|
|
10. |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
1. Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
|
|
|
|
Үлескерлердің ақшасын тартуға |
|||
|
|
нысан |
|||
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(құрылыс салушы және уәкілетті компанияның толық атауы) ____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) ____________________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге (Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткендіктен бас тартады, атап айтқанда:
Ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)__________________________________________________________;
2)__________________________________________________________;
3)__________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
__________________________________________ _______________
(осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды) (қолы)
(мемлекеттік корпорацияның жұмыскері)
Орындаушы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________ Телефон __________
Алдым: ____________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы "__" _________
|
|
Үлескерлердің ақшасын тартуға |
|
|
нысан |
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар көрсетілетін қызметті берушінің бланкісі)
Үлескерлердің ақшасын тартуға № ___ рұқсат
20__ жылғы "___" _____
___________________
(орналасқан жері)
Осы рұқсат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, орналасқан жері)
бойынша орналасқан, ауданы ____________, ______ қабатты тұрғын үй
(тұрғын ғимарат) салу үшін______________________________________________
_____________________________________________________________________
(құрылыс салушы және уәкілетті компанияның толық атауы,
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
үлескерлердің ақшасын тартуға берілді.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні пайдалануға енгізу мерзімі 20__ жылғы "___" _________.
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат объектіні пайдалануға беру мерзіміне дейін заңды күшінде болады.
Әкім (Әкімнің орынбасары)
_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) Мөрдің орны (болған жағдайда)
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК