"Бір өтініш" қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 шілдеде № 8560 тіркелді.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 06.04.2020 № 127/НҚ (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 06.04.2020 № 127/НҚ (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын қамтамасыз етсін.
|
Министр |
А. Жұмағалиев |
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Бір өтініш" қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 06.04.2020 № 127/НҚ (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
2) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. "Бір өтініш" қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған өтінішті және (немесе) талап етілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алған күннен бастап көрсетілетін қызметті берушілер ЗТНҚА-ға сәйкес көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бастапқыда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті шарт болып табылатын көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі және бастапқы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші келесі қызметті алу үшін талап етілетін мәліметтермен толықтырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге берген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші порталда сақталады және көрсетілетін қызметті берушілердің тексеру жүргізуі үшін қолжетімді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК