Дүниежүзілік сайлау күніне орай Еңбекшіқазақ ауданы бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Дүниежүзілік сайлу күніне орай

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

 

         Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының төрағасы жеке қабылдау өткізіп, сайлауға қатысты сұрақтарына жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

         Сонымен қатар, ауданымыздың ең үлкен ауылдық округтерінде учаскелік сайлау комиссияларының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына сынып сағаттары өткізілді.

         Есік қаласындағы В.Терешкова атындағы орта мектептің 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттарының көрінісі.

Сынып жетекшілер оқушыларға  сайлауға қатысу Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының міндеті болып табылатынын, 18 жастан бастап әр азаматтың құқығы екені түсіндірді.

Шелек ауылдық гимназияның  7 "Ә" сыныбында  «Дүниежүзілік сайлау күні» тақырыбында сынып сағаты өткізіліп,  сынып оқушылары сайлау ережелерімен таныса отырып, өз ойларын ортаға салды.

Дата публикации
03 февраля 2022