Көктөбе ауылдық округі әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

 

 

 

 

Көктөбе ауылдық округі әкімінің өкілеттігін

мерзімінен бұрын тоқтату туралы

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 6-тармағының 5 т., 5) т., сәйкес әкімнің өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көктөбе ауылдық округінің әкімі Жылқыбеков Жақсылық Тілешұлының өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің пайда болу фактісі белгіленсін.
  2. Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Жақанбаев Әлібек Әскербекұлына Көктөбе ауылдық округінің әкімі Жылқыбеков Жақсылық Тілешұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.
  3. Осы қаулы Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінде жариялансын.

 

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                   Б.Жексембиев

 

 

 

Есік қаласы

2022 жылғы 18 қаңтар

№ 1

Дата публикации
18 января 2022