Ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің деңгейінде 36 мемлекеттік орган – қызмет көрсетуші: аудан әкімінің аппараты, 25 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, Есік қаласы әкімінің аппараты, 8 аудандық бөлім, ауданның халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді.
Аудан әкімінің 2020 жылғы 08 желтоқсандағы № 72-ө өкімімен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі 2021 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2021 жылдың 4-ші тоқсанында 7 бақылау іс-шарасы өткізілді (жоспардан 100,0%), онда 7 жергілікті атқарушы орган қамтылды.
Бақылау іс-шарасын өткізу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау тұрғысынан 29 бұзушылық анықталды (ең көп бұзушылықтар Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппаратта анықталды-16 (жалпы бұзушылықтар санынан 55,2%)):
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жүргізілген бақылау іс-шарасының нәтижесі бойынша 1 мемлекеттік қызметші тартылды: Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (ескерту).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 11 ұсыныс жасалып, оның 7-і орындалды, 4-і орындалуда.
Анықтама: 2020 жылдың 4-тоқсанында аудан әкімі аппаратымен 10 бақылау іс-шарасы өткізіліп, онда 10 объект (5 жергілікті атқарушы орган және 5 ведомстволық бағынысты ұйым) қамтылды. 19 бұзушылық анықталды, тәртіптік жауапкершілікке 1 мемлекеттік қызметші (ескерту) тартылды.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтары № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер - 63 қызмет көрсетеді (2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда – 84 қызмет түрі, бұл 25,0% - ға аз).
Оның ішінде мемлекеттік органдарда ғана (баламасыз) - 2 түрі, Мемлекеттік корпорация арқылы – 33 түрі, тек электрондық түрде – 57, қағаз түрінде – 14, электрондық немесе қағаз түрінде - 6 қызмет түрі, 7 қызмет түрі ақылы негізде, 4 – ақылы/тегін негізде көрсетілген.
2021 жылдың 4 – ші тоқсанында 220 (немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 1,4%) мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тарту болды, оның ішінде 179 электрондық түрде берілген қызметтер бойынша және 41 қағаз түрінде берілген қызметтер бойынша. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 294 негізделген бас тарту болды (немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 2,3%), оның ішінде 116 - электрондық түрде, 178 – қағаз түрінде.
2020 жылдың 07 желтоқсанында Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2021 жылға арналған Медиа – жоспары бекітілді (Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша БАҚ-да жарияланым, соның ішінде тұтынушыларды мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру).
2021 жылдың 4-і тоқсанында 229 түсіндіру іс – шаралары өткізілді (2020 жылдың ұқсас кезеңінде-265). Ауданның мемлекеттік органдарымен «Еңбекшіқазақ», «ЮиТ» газеттерінде 41 мақала, 24 мақала аудан әкімдігінің ресми сайтында «жаңалықтарда» орналастырылды, әлеуметтік желілерде 24 жарияланым, 4 «дөңгелек үстел» және 1 семинар, мемлекеттік қызметшілер үшін 10 оқыту семинары, 1 «Ашық есік күні», 6 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, 1 «Digital agent» презентациясы, 46 «нақты уақыт режимінде электрондық мемлекеттік қызметтер» және 33 «Egov – жаршысы» акциясы өткізілді, «Qyzmet live» жобасы бойынша 5 баспасөз конференциясы, онда 176 499 адам түсіндіру іс – шараларымен қамтылды (ауданның экономикалық белсенді халқы-сайлаушылардың 95,9 %).
Электрондық мемлекеттік қызметтерді ілгерілету бойынша 30 баннер ілінді, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 3 бейнеролик жасалды.
2021 жылдың 4-і тоқсанында 23 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.
Есепті кезеңде аудан әкімдігіне мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
Аппарат басшысы М.Мемельбеков