Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы «Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» №4 қаулысының күшін жою туралы

 

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы

«Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға

мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының

мөлшерін бекіту туралы» №4 қаулысының күшін жою туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 бабтарын, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын басшылыққа алып, Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы «Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» № 4 қаулысының күші жойылсын (Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 24 қаңтарда № 4509 болып тіркелген).

 2.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Дүйсембекұлы Бидаевке жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                          А.Жаканбаев

 

Дата публикации
15 декабря 2021