"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

 

Мемлекеттік қызметті «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» көрсетеді.

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:

      бірінші кезең:

       1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған өтініш;

      2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.

      Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

       Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді.

      Бірінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін, оның ахуалдық схемасымен, сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолдайды;

      3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;

      4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы:

      7 (жеті) жұмыс күні ішінде жер учаскесін таңдау актісін, оның ахуалдық схемасымен, сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде келісуге жібереді;

      келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсынады;

      табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схемасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады;

      5) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және жолдайды;

      6) теріс шешім болған жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауаптың жобасын дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды;

      7) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде түпкілікті таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты қарайды және оған қол қояды;

      8) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін Мемлекеттік корпорация ұсынған түпкілікті таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған шотты (сметаны) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуді және оның жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуді 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы келіспеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген таңдау актісін жою үшін сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.

      Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару:

      1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды дайындайды және оны жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды;

      2) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысын айқындайды;

      3) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.

      Кент, ауыл, ауылдық округтер әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, бекітілген жер-кадастрлық жоспар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын қарайды және оған қол қояды;

      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
  2. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

       2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

       3) Кодекстің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы.

 

 

Толығырақ ақпаратты «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алуға болады.

Мекен жайымыз: Ават ауылы, Тәуелсіздік көшесі №88, телефон: 87277564216

 

 

 

 

 

 

      

 

Дата публикации
22 ноября 2021