Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 72-218 «Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына және 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 72-218 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5849 тіркелген, 2021 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

         «1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімінің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер 26 087 849 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 4 794 055 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 59 824 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 068 194 мың теңге;

трансферттер түсімі 20 165 776 мың теңге;

2) шығындар 27 999 579 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 136 876 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 202 898 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 66 022 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо, оның ішінде:

          қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 048 606 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                 2 048 606 мың теңге, оның ішінде:

           қарыздар түсімдері 2 102 273 мың теңге;

           қарыздарды өтеу 66 022 мың теңге;

           бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 12 355 мың теңге.».

  1. 2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
21 сентября 2021