Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 72-218 «Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 72-218 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5849 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімінің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер 26 031 894 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 4 420 286 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 33 682 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 668 105 мың теңге;

трансферттер түсімі 20 909 821 мың теңге;

2) шығындар 26 004 249 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 136 876 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 202 898 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 66 022 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо, оның ішінде:

          қаржылық активтерді сатып алу 40 000 мың теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 149 231 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                 149 231 мың теңге, оның ішінде:

           қарыздар түсімдері 202 898 мың теңге;

           қарыздарды өтеу 66 022 мың теңге;

           бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 12 355 мың теңге.».

  1. 2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. 3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
31 мая 2021