Ават ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау АНЫҚТАМАСЫ
Ават ауылы 22 сәуір 2021 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Ават ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы "Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" №20 өкімінің негізінде 2021 жылдың І тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Аппарат өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы №13 қаулысымен бекітілген "Ават ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі негізінде жүзеге асырады.
"Ават ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
1."Ават ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік актілерді, сондай-ақ "Ават ауылдық округі әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі туралы Ережені басшылыққа алады.
АВАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
"Ават ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде кадр қызметінің жұмысы, оның ішінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару:
"Ават ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің саны штаттық кестеге сәйкес 8 адамды құрайды.
Аталған кезең бойынша бір вакант болған орынға жалпы конкурс арқылы жетекші маман Галиев Темирлан Кайратович 2020 жылдың 02 қарашада жұмысқа қабылданды.Қазіргі таңда бос лауазым саны жоқ. 2020 жылдың шілде - желтоқсан айларында жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысу мәселесі Еңбекшіқазақ аудандық персоналдарды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр қызметі) бөлімі арқылы жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларда құқық бұзу фактілері жоқ.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша
Ағымдағы кезеңде аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 6 түрді құрайды: мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.); бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату, жер учаскесін алуға кезекке қою.
«Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік актілердің жалпы саны-6.
2021 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында округ тұрғындарына 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді: Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-3 бас тартылды, жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 8.
2021 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында "Ават ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ электрондық бұрыш арқылы халыққа электрондық түрде 274 қызмет алуға көмек көрсетілді.
Әкім аппараты жұртшылықты ақпараттандыру үшін қызмет түрлеріне жауапты мамандарды тартады. Қызмет көрсетушілердің стандарттары мен ережелерінде телефон нөмірлері, өтінім нысандарының үлгілері бар стенд бар. Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызметтерге шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ауылдық округ әкімінің аппараты өз жұмысында Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына және басқа да нормативтік – құқықтық актілерге сәйкес басшылыққа алады.
Ауылдық округ әкімдігінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алу үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат ай сайын және тоқсан сайын Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне ұсынылады.
"Ават ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша жауапты тұлғаны және тиісті мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғаларды бекіту туралы құқықтық акт қабылданды.
Ұсыныс: жауапкершілікті күшейту және бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлермен қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.
Осы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Ават ауылдық округі әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге жауап бланкісінің келесі бетінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы жадынама басылады.
Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандарттарының бұзылуына жол бермеу мақсатында семинар-кеңес өткізу және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру
4.Тікелей байланыс қаупі
Ават ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс қаупі бар, өйткені кейбір мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі. Осыған байланысты Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай провайдер болып табылатын және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жарнама ретінде халыққа арналған стенд әзірленді және ауылдық округ әкімі аппараты арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санымен салыстырғанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің пайыздық көрсеткішін арттыру үшін жұмыстар жүргізілуде. Ават ауылдық округі әкімінің аппараты қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету мүмкіндігі туралы (БАҚ-тағы мақалалар, ақпараттар, хабарландырулар) ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
Ұсыныс: көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс тәуекелінің алдын алу мақсатында барлық мемлекеттік қызметтерді "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету.
"Ават ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша ауылдық округ әкімі аппаратында талдау барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ. 2020 жылғы шілде-желтоқсан аралығында барлығы-50, заңды тұлғалардан-0 өтініш қабылданды. Қабылданған өкімдер: жеке құрам бойынша -20 (техникалық қызметкерлер бойынша-4) өкім, негізгі өкім бойынша - 38 өкім. Шешімдер саны -60. Кіріс құжаттар саны-247, шығыс құжаттар саны-446.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 9 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақытылы қаралуы қамтамасыз етілген.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң түрде сақтау.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алу электронды түрде жүргізіледі. Жеке кәсіпкерлер есеп шоттарын ESF порталы арқылы жібереді.
2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 434- V Заңының талаптары сақталған және өткізілген сатып алуларда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілері орын алмаған.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шараларды жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.
2) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелдерінің алдын алу мақсатында барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету.
4) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.