"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

 

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.

Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электронды түрде тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Бірінші кезең: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар).

Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

Толық ақпаратты Ават ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен – жайымыз: Ават ауылы, Тәуелсіздік көшесі № 88

Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 64-2-16.

«Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
30 апреля 2021