«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету барысында ҚР «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, жұмыс істейді.  

«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне сәйкес, 2020 жылы 6 мемлекеттік қызмет көрсетті. 

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 688. Оның ішінде, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы – 641, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру – 20, ағаш кесуге рұқсат беру-13,  тұрғын үй сертифкаттарын беру -14  мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бөлім тарпынан тиісті нормативтік құжаттар қабылданған, мемлекеттік қызметті көрсетуге, жинақтауға жауапты тұлғалар бекітілген.

Халықты мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратпен құлақтандыру үшін бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы  хабарландыру тақтасы бар.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтында орналасқан.

2020 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

 

Аудандық ТҮКШ және ТҮИ

бөлімінің басшысының м.а.                           А.Ансатбаев

 

Дата публикации
29 апреля 2021