Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі
Сәулет және қала құрылысы бөлімімен 2020 жылы келесі жұмыстар атқарылды:
Бөліммен тұрақты негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны мен түрлері:
- Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша 2029 анықтама берілді, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-дан 642 дана сұраулар келіп түсті;
-899 сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілді;
- 703 эскиздік жоба келісілді.
Бөліммен тұрақты негізде көрсетілген қызметтердің саны мен түрлері:
Қала және ауылдық округ әкімшілігінен түскен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге берілген қорытындылардың саны 70 дана. Аудандық жер қатынастары бөлімінен түскен 119 өтініш бойынша бөліммен қорытындылар берілді. Бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің саны 78 құрайды.
Қала және ауылдық округ әкімдіктерінен келіп түскен жобалауға және салуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге (сәулет-жоспарлау тапсырмасы) бастапқы рұқсат беру құжаттамасының жоқтығы туралы 177 қорытынды берілді.
Жол бойындағы сервис объектілерінің автомобиль жолдарының ұлттық стандартына сәйкестігі мақсатында Алматы-Көкпек-Көктал автожолы бойынша тексеру және жол бойындағы сервис объектілерімен демонстрациялық альбом жасау арқылы түгендеу жүргізілді.
Аудан бойынша елді мекендердің бас жоспарларына сәйкес жобаланып жатқан 47 мектеп бойынша жер қатынастары сұранысының негізінде ақпарат берілді.
Есік қаласының бірыңғай сәулеттік стилін жасау мақсатында эскиздік жоба әзірленді және Алтын Адам аллеясы көшесінің бойындағы кіре беріс топтың топографиялық түсірілімі жүргізілді.
"Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-124 шешімімен бекітілген Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес келтіру мақсатында көрсетілген Қағидалардың сақталуына мониторинг жүзеге асырылды.
Мониторинг барысында бірқатар кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де ұйымдардың қасбеттері қағидаларының нормаларына сәйкес келмеу фактісі анықталды.
Бөлім басшысы өз құзыреті шегінде шағын және орта бизнес субъектілерінің басшылығына объектілердің сыртқы түрін эстетикалық сәулеттік келбетке сәйкестендіру және қасбеттерді қалпына келтіру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберді.
Тұрақты негізде саны 153 бірлік ААЖ мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына топографиялық түсірілімдерді енгізу бойынша жұмыс жүргізіледі.
Сонымен қатар, бөлім Есік қаласының инженерлік желілерін түгендеу жұмыстарын жүргізді.
Ауданның елді мекендерінің аумағында объектілер мен жеке тұрғын үйлерді салу кезінде заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында бөліммен өз бетінше құрылыс салу фактілерін анықтауға бағытталған шаралар қабылдануда. Алайда, өз бетінше құрылыс салу фактілерін толық жою үшін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 147-бабының 2-1-тармағына сәйкес елді мекендер аумағындағы жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) қатысты аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтер әкімдері тарапынан мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қажет.
Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына мақсатсыз пайдаланылған 2 нысан бойынша хат жолданды.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 17-бабының 8-тармағына сәйкес құрылысқа рұқсат алмай, яғни сәулет-жоспарлау тапсырмасын және объект құрылысының жобасын әзірлемей, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлемей, құжаттарға сараптама жасамай, уәкілетті органның рұқсатын алмай, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы 23 хат жолданды.
Сонымен қатар, аудан бойынша барлығы 49000 м2 жеке тұрғын үй құрылысы нысандары пайдалануға берілді.
Бөлімінің басшысы сәулет және қала құрылысы Б. Чурмаков