Мемлекеттікқызметтіжеке тұлғаларға «Асы ауылдық округ әкімі аппараты» ММ тегін көрсетеді.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1)осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
5) білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі;
6) ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда);
7) фтизиатр-дәрігердің қорытындысы;
8) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).
Көрсетілетін қызметті алушы кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінгенде, құжаттардың түпнұсқаларын (сәйкестендіру үшін) және көшірмелерін ұсынады.
Бірінші кезекті орынды алуға мыналар құқылы:
1) заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) жетім балалар;
4) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
5) әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары;
6) арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балалары.
7) ерекше білім беруді қажет ететін балалар;
8) мүгедек баласы бар отбасындағы балалар;
9) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес педагогтердің балалары
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:Кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
Мемлекеттік қызмет алу үшін Қызылшарық ауылы Рысқұлбеков 13 мекен жайында орналасқан әкім аппаратына, немесе 8 (72776) 7-75-45 телефон нөмеріне хабарласуға болады.
Электрондықпоштаныңмекенжайы: asy77545@bk.ru
Жұмыскестесі:
Демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-18.30. Түскі үзіліс: сағат 13.00-14.30.
Асы ауылдық округі әкімінің аппараты