«Асы ауылды округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Жалпы ережелер
«Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарға сәйкес көрсетіледі;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынады;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
- көрсетілген қызметті алушылардың құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды;
Қызметті беруші туралы мәлімет: «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040441 Қызылшарық ауылы, Рысқұлбеков көшесі № 13, Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.
2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Асы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2020 жылы 7 (жет) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
3.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
4.Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
5.Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері 2 маманның функионалдық міндеттеріне еңгізілген, өкіммен бекітілген және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтында аталған мамандардын байланыс телефондары, қабылдайтын күндері көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ішкі бақылауды жүргізу Асы ауылдық округі әкімінің орынбасары Даурен Жеткенбайға өкіммен жүктелген және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша есепті және ақпаратты (деректерді) жинақтауға және аудан әкімі аппаратына жолдауға жетекші маман Ф.Закироваға жүктелген.
2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 114, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені – 114, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ,
-қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 114,
-электрондық Үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1251.
Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылық болған жоқ.
-Бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының саны–7.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шелек өңірлік филиалынан мобильді топ айына 2-рет келіп азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетті. Аталған мобильді топтың келетіні туралы округ тұрғындарына алдын ала хабарланады. 2020 жылы барлығы – 8140 мемлекеттік қызметін көрсетті.
Округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар стенд ілінген және әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында жеке кабинет дайындалды. Сол кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» жасалынды. Жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған бұрыш, хабарландырулар берілетін монитор, нашар көретін адамдарға Брайль қаріпі, диспенсер, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шақыру түймесі, көліктеріне тұрақ бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында округте мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртібі туралы оқыту бейнероликтерін көрсету және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметті алуға құқықтары мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы кітапшалар тарату арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
2020 жылдың кезеңінде "Еңбекшіқазақ" газетінде және аудан әкімінің веб-сайтында халыққа мемлекеттік қызметтерді алуды және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың артықшылығын түсіндіру бойынша 7 мақала орналастырылды. "Асы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-ң мамандарымен 2020 жылы ауылдық округтің 1251 азаматының қатысуымен «Азаматтарға арналған электрондық үкімет порталы" арқылы сапалы мемлекеттік қызметтерді алу, үшінші тұлғалардың электрондық анықтамаларды тегін алу сервисі, бір реттік пароль арқылы, яғни ХҚКО бармай және ЭЦҚ пайдаланбай, сондай-ақ месенджер, TelegramEgovKzBot сервистері арқылы нақты уақыт режимінде семинарлар және акциялар өткізілді. Өткізілген іс-шаралар саны- 17.
Асы ауылдық округінің әкімі Ұ.Сағынбеков