26 сәуір Ават ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алу» туралы ауыл тұрғындарымен акция өтті. Акция барысында ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Жақсылықова «Электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтары» туралы ауыл тұрғындарына түсіндіріп және практика жүзінде көрсетіп өтті.