«Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет - жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің топтастырылған тізбесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін құрайды.
«Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа) жастағы балаларды кезекке қою», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату".
2020 жылыда Көктөбе ауылдық округі әкім аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 38 өтініш қабылданды, Оның ішінде: «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметі бойынша 9 өтініш қабылданып, бірақ аталған өтініштердің 2-ін қанағаттандырудан бас тартылды. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» қызметі бойынша 26 өтініш қабылданды. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі бойынша 3 өтініш қабылданды.
Сондай-ақ, әкім аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жағдайы бойынша мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді бақылау Қағидасына сәйкес ай сайын мониторинг жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытында көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілікке, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол беру болған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі үнемі жетілдірілуде.
Халықты ақпараттандыру үшін стандарттар жазылған стендтер, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бар. Уақытында жаңартылып тұрады.
2020 жылда Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері округ тұрғындарына «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы анықтамалады алу», «Еgov.kz. жаршысы» еріктілер қозғалысының акциясы, аппарат қызметкерлеріне оқыту семинары, «Нақты уақыт режиміндегі электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» туралы акциялар, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы электронды цифрлы қолтанба (ЭЦҚ) алу туралы т.б. округ тұрғындары арасында акциялар ұйымдастырды.
Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу тәртібі бойынша 3 (мақала) хабарламалар берілді.
Қызметті уақтылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізі болып табылады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде бекітілген мерзімдері бұзылғаны мен азаматтардан түскен шағым болған жоқ.