«Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

«Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламанттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

- көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

- корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

 

Қызметті беруші туралы мәлімет:

«Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 040444, Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылдық округі, Шевченко көшесі № 18А.

 

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратында 2020 жылы 6 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 0;

2) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1;

3) елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 0;

4) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 2;

5) бұрын жер пайдалануға берілген жер кчаскесін жекеменшікке сату – 0;

6) жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 2.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 5.

-көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көсетілгені – 5, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ.

 

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында ауыл тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын заңға тәуелді актілер стендте орнатылған. Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат беріледі, бұл үшін ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында тиісті жағдайлар жасалған, ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарына семинарлар үнемі өткізіліп тұрады, сонымен қатар бірінші қабатта орналасқан кеңседе мемлекеттік қызметті алу үшін «Электрондық үкімет» порталының қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті кеңсе техникаларымен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

2020 жыл ішінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шағымдар болған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заң бұзушылықтар болған жоқ.

Дата публикации
27 апреля 2021