"Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

"Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

         1.Жалпы ережелер

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметінің негізгі бағыттары:

         - Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;

         - мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;

         - көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;

         - мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

         - көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;

         - көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;

         - қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау;

 

         Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

         "Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, пошталық мекенжайы; 040445, Ташкенсаз ауылы, Б.Шәріпов көшесі, 14, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы.

 

         2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

         Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппаратымен 2020 жылы Мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес мемлекеттік қызметтің жеті түрі көрсетілді:

         - Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату;

         - шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-108;

         - мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

         - Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру туралы ;

         - Жер учаскесін алу үшін кезекке қою -5;

         - Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу -7;

         - Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-0;

 

         - Көрсетілген қызметтер саны-120;

         - ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-жоқ;

         - тегін көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-120;

         - ақылы негізде-жоқ;

         - қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-120;

         - бекітілген стандарттар саны-7, регламенттер саны-7.

 

         Қызмет алушылармен жұмыс:

         Округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар 1 стенд ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында округте мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртібі және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет алуға құқықтары және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы брошюралар тарату туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, бақылау камералары орнатылған. Сонымен қатар, 8 акция, 4 дөңгелек үстел, мемлекеттік қызметтер бойынша ережелерді түсіндіру бойынша 1 дәріс өткізілді.

         2020 жылдың кезеңінде "Еңбекшіқазақ" газетінде және аудан әкімінің веб-сайтында тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтерді алуды және Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылықтарын түсіндіру бойынша 3 мақала орналастырылды.

 

         "Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, 2020 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 667 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         2020 жылдың сәуір айында аудан әкімінің веб-сайтында 2019 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметі туралы есеп орналастырылды.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

         2020 жыл кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және тиімділігін одан әрі арттыру үшін азаматтардың тұрғылықты жері бойынша қызметтерді көрсету қажет.

 

  Ташкенсаз ауылдық округінің әкімі                         Э. Масутова

Дата публикации
27 апреля 2021