Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округінде «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округінде «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті жеке тұлғаларға «Қаратұрық ауылдық округ әкімі аппараты» ММ тегін көрсетеді.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1.осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) баланың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
      3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
      4) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат (бар болғанда).
    Құжат салыстыру үшін түпнұсқада ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

       Бірінші кезекті орынды алуға мыналар құқылы:
      1) заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары;
      2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
      3) жетім балалар;
      4) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
      5) әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары;
      6) арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балалары.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе орын болған жағдайда осы стандартқа  сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі ұйымға жолдама беру болып табылады.

 Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

Мемлекеттік қызмет алу үшін Ащысай ауылы Жібек Жолы көшесі №57А мекен жайында орналасқан әкім аппаратына, немесе 8 (72776) 7-33-49 телефон нөмеріне хабарласуға болады.

Электрондық поштаның мекенжайы:  karaturyk_75124@mail.ru

 

Жұмыс кестесі:

Демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-18.30. Түскі үзіліс:сағат 13.00-14.30.

Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты 

Дата публикации
26 апреля 2021