Мемлекеттік қызметті «Қаратұрық ауылдық округ әкімі аппараты» ММ тегін көрсетеді.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1.осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2.көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
4.осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.
Құжат салыстыру үшін түпнұсқада ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: МТФ ауылынан Ащысай ауылындағы «Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп - мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне (оқу орнына), Лавар, Достық ауылдарынан Қаратұрық ауылындағы «А. Саттаров атындағы орта мектеп - мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне (оқу орнына) және қайтадан үйлеріне тегін тасымалдау туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға(көрсетілетін қызметті алушыға) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет алу үшін Ащысай ауылы, Жібек Жолы көшесі №56А мекен жайында орналасқан әкім аппаратына, немесе 8 (72776) 7-33-49 телефон нөмеріне хабарласуға болады.
Электрондық поштаның мекенжайы: karaturyk_75124@mail.ru
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-18.30. Түскі үзіліс:сағат 13.00-14.30
Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты