«Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері  жөніндегі қызметі туралы есебі

Жалпы ережелер

       «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынады;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

- көрсетілген қызметті алушылардың құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды;

Қызметті беруші туралы мәлімет: «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040448Нұра ауылы, Еспергенов № 23А, Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.

       2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппаратында 2020 жылы 5(бес) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

  1. мекетепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мекетепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;

2.өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

3.жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

4.елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

5.сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

  1. бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке шығару

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша функционалдық міндеттеріне кіретін қызметкерлердің саны – 2 маман;

5 - мемлекеттік қызмет түрлерін әкім аппаратының бас маманы Закария Дулат Амантайұлы жүргізеді, 09.01.2018 жылғы № 02 өкіммен бекітілген.

 1,2,3,4,6 мемлекеттік қызмет түрін әкім аппаратының бас маманы Тустукбаев Баглан Ахихатұлы жүргізеді, 09.01.2018 жылғы № 02 өкіммен бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша есепті және ақпаратты жинақтау Тұрсынбеков Шыңғысқа 20.12.2019 жылғы № 37 өкіммен жүктелген.

2020  жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 8, оның ішінде

көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені – 8, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ,

-қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 8,

-бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының саны – 6.

     Округ әкімі аппаратының ғимаратында халықты ақпараттандыру үшін стандарттар  жазылған стенд бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары: Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдарында ілінген. Әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің квалификациясын көтеру үшін арнайы іс-шаралар өткізелді, бүл жүйелі түрде аппаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын оқыту отырыстары және «Еңбекшіқазақ» аудандық газетке 3 мақала шықты. Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапалы жүргізілуін қадағалап отырады. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылық болған жоқ.

Сөгеті ауылдық округінің әкімі                                                      Е.Дауткулов

Бас маман                                                                                     Ш.Тұрсынбеков

Дата публикации
26 апреля 2021