«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетті мекемесінің
2021 жылдың I тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы
АНЫҚТАМА
Қаракемер ауылы 20 сәуір 2021 жыл
КІРІС БӨЛІМІ
Қаракемер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 наурыздағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 42 өкіміне сәйкес Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау 2021 жылдың І тоқсан мерзімін қамтыды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды: Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Кадрлар ауысымы бағыты бойынша:
Штаттық кестеге сәйкес 2021 жылдың І тоқсаны бойынша аппараттағы жалпы мемлекеттік қызметшілер саны 7 бірлікті құрайды. Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Талданып отырған кезеңде мүдделер қақтығысы, аффилиирлену, қызметкерлерді жұмыстан босату, лауазымын төмендету, командалық орын ауыстыру фактілері анықталған жоқ. Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
Талдау кезінде жақын туыстарының округ әкімімен бірге жұмыс істеу фактілері жоқ екенін көрсетті, қызметтік және өзге де ақпаратты қызметкерлер заңға сәйкес пайдаланады, қызметтік өкілеттілікті орындау барысында қызметкерлер сыйлықтар қабылдамайды. Декларация уақытылы тапсырылған. Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ішкі талдау кезінде, жоғарыда көрсетілген заңнамалардың талаптарын бұзу орын алған жоқ.
Тұрақты негізде әкім аппаратының барлық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормаларын мүлтіксіз сақтау туралы айтылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бағыты бойынша:
Ағымдағы кезеңде аппараттағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің жалпы саны – 7 /мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою; шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін беру, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату; жер учаскесін алу үшін кезекке қою/.
2021 жылдың 1 тоқсанында аудан әкімі аппаратына көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы нақты емес мәліметтер ұсыну фактісі орын алды. Қызметтік міндеттеріне салғырт қарағаны, тиісті бақылаудың жоқтығы үшін округ әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2021 жылдың 25 наурыз күні №11 өкім шықты.
Ұсыныс: Округ әкімі мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын қатаң және тұрақты бақылауға алсын. Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту туралы ішкі бақылау бойынша тоқсан сайынғы есепті құру тәртібін түсіндіру үшін әкім аппаратының жауапты қызметкерлерімен оқыту семинарын өткізу. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтау.
Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
Талдау барысында Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның талаптары бұзылғандығы анықталмады.
Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алуға және қарауға жатады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын бұзғаны үшін 2021 жылдың өткен кезеңінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын бұлжытпай орындау,
сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
КОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
«Қаракемер ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсыныстар:
1.Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мерзімділігін, мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін қатаң сақтау.
3.Өзінің функционалдық міндеттерін орындау кезеңінде тұрақты түрде
әкім аппаратының қызметкерлеріне:
- Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының және этикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын сақтау;
- Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға;
- Мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және олардың салдарларының туындау себептері мен жағдайларын жою.
4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнама және басқа да нормативтік құқықтық актілер бойынша қызметкерлермен тұрақты негізде құқықтық оқыту жүргізу.
Округ әкімі Д.Ахметов