«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметтінің тәртібі туралы оның ішінде www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб порталы арқылы

«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметтінің тәртібі туралы оның ішінде www.egov.kz. «электрондық үкімет»  веб порталы арқылы

 

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары): www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.
Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Бірінші кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген жағдайда – кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Жұмыс кестесі: Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналасқан.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

 

Толық ақпаратты Саймасай ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

 

Мекен – жайымыз: Саймасай ауылы, Хазиев көшесі №2

Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 36-2-34.

 

«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
23 апреля 2021