Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

 

«Еңбекшіқазақ аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан  мемлекеттік реестрге сәйкес 3 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтсақ:

  1. «Әлеуметтік маңызы бар жолаушы тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет есебінен субсидиялау».
  2. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы көрнекі  жарнама объектілерін орналастыруды келісу».
  3. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен калалық ауылдық, қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту»

Бөлім «e-лицензирование»  арқылы электрондық түрде  мемлекеттік қызметтің екі түрі бойынша қызмет көрсетеді. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға  ортақ автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы көрнекі  жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызмет түрі бойынша 2020 жылдың қорытындысы негізінде жалпы саны – 7 заңды және жеке тұлғаға сыртқы (көрнекі)  жарнама объектілеріне  рұқсат қағаздары берілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерге  және де халыққа бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында, бөлім  2020  жылдың қорытындысы бойынша ауданның селолық округтері бойынша  3 акция  өткізіліп,  шара барысында туындаған барлық сұрақтар қанағаттандырылды. Және де бөлім мамандары аудандық бөлім қызметкерлері, селолық округ мамандарымен бірлесіп кәсіпкерлермен 5  дөңгелек үстел өткізді. Әлеуметтік желілерде, жергілікті  газет басылымдарына мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі көрсетілген мақалалар  да жарық көрді. 4 бейнеролик жасалып, электронды бұрышқа қойылды.

          «Сыртқы (көрнекі)  жарнамаға келісу   қағазын  алу үшін  www.egov.kz   веб-порталы арқылы және www.elicense.kz   өтініш тапсыру арқылы 5(бес) жұмыс күн ішінде  жарнама орналастыруға төл құжат алуға болады. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі. Және де аталған мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар болып, жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1- қосымшасына сәйкес өтініші және  түстік шешімі және  өлшемдері бар жарнама эскизі болып табылады. Көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда 2 жұмыс күн ішінде  көрсетілген қызмет беруші  дәлелді бас тартуды электронды түрде қызмет алушының «жеке кабинетіне» жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы  барлық тиісті құжаттарды тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі. Жарнамаға рұқсат қағазы бір жыл мерзімге беріліп, көрсетілген мерзім аяқталған кезде қайта ұзартуға беріледі. Немесе жарнама орналастырушының шешімі бойынша мерзімінен бұрын жарнама объектісін алып тастаған жағдайда, рұқсат қағазы бойынша төлемді тоқтату бойынша өтініш жазу арқылы тоқтатуға болады.

Жарнамаға төленетін төлем ақы оның көлемі мен орналасқан орны бойынша, белгіленген  мөлшерлемеге сәйкес  әр айдың 25 - не дейінгі мерзімде  кірістер басқармасына төленуі қажет.

Дата публикации
22 апреля 2021