«Есік қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің
2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
«Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ҚР-ның Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету саласының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша нақты жұмыстар жүргізеді.
«Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің 6 (алты) түрі жүзеге асырылып келеді:
1.Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
6.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
І тоқсан бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтердің жалпы саны- 14 (он төрт), атап айтқанда, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру: қаңтар айында-2 (екі), ақпан айында 3 (үш), «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы қағаз түрінде көрсетілген және жер учаскесін алу үшін кезекке қою: қаңтар айында 4 (төрт), бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату: ақпан айында 3 (үш), наурыз айында 1 (бір), сауда-саттықты ( конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу: қаңтар айында 1 (бір), көрсетілетін қызметті беруші арқылы («Азаматтарға арналған үкімет» МК қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден негізді бас тарту саны-2 (екі).
ІІ тоқсан бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтердің жалпы саны- 12 (он екі), атап айтқанда, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру: маусым айында 7 (жеті), «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы қағаз түрінде көрсетілген (оның ішінде бір қызмет карантинге байланысты "Есік қаласы әкімінің аппараты" ММ-сі арқылы көрсетілді), жер учаскесін алу үшін кезекке қою: сәуір айында-3 (үш), сауда-саттықты ( конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу: сәуір айында-1 (бір), елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; маусым айында 1 (бір), көрсетілетін қызметті беруші арқылы («Азаматтарға арналған үкімет» МК қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден негізді бас тарту саны-2 (екі).
ІІІ тоқсан бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтердің жалпы саны- 19 (он тоғыз), атап айтқанда, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру: шілде айында-3 (үш), тамыз айында 2 (екі), қыркүйек айында 4 (төрт), елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру: шілде айында 2 (екі), «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы қағаз түрінде көрсетілген және жер учаскесін алу үшін кезекке қою: қыркүйек айында 3 (үш), жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату: шілде айында 3 (үш), тамыз айында 1 (бір), қыркүйек айында 1 (бір), көрсетілетін қызметті беруші арқылы («Азаматтарға арналған үкімет» МК қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден негізді бас тарту саны-6 (алты).
IV тоқсан бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтердің жалпы саны- 14 (он төрт), атап айтқанда, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру: қазан айында-1 (бір), қараша айында- 1 (бір), желтоқсан айында 5 (бес), «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы қағаз түрінде және Е-лицензиялау арқылы көрсетілген және жер учаскесін алу үшін кезекке қою: қазан айында-2 (екі), желтоқсан айында-2 (екі), жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату: қараша айында-1 (бір), желтоқсан айында 2 (екі), көрсетілетін қызметті беруші арқылы («Азаматтарға арналған үкімет» МК қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден негізді бас тарту болған жоқ.
«Есік қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде халықты хабардар ету үшін стандарттар, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.
Көрсетілген есептік мерзім аралығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына түскен шағымдар жоқ.