«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері

жөніндегі қызметі туралы есебі.

 

«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;

-   мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- көрсетілген қызметті алушылардың құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдау.

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер: Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппаратында 2020 жылы 8 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді;

  1. Мекетепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мекетепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;
  2. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;
  3. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;
  4. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  5. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
  6. Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  7. 7. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  8. Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері 3 маманның функионалдық міндеттеріне еңгізілген, өкіммен бекітілген және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтында аталған мамандардың байланыс телефондары,  қабылдайтын күндері көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ішкі бақылауды жүргізу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына сапасына ішкі бақылау жасау бойынша есепті және ақпаратты (деректерді) жинақтауға және аудан әкімі аппаратына жолдауға Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г. Кабуловаға ауылдық округ әкімінің өкімімен жүктелген

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 57, оның ішінде

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 106,

көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені – 57, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ,

-қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 57,

-бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының саны – 8.

     Округ әкімі аппаратының ғимаратында халықты ақпараттандыру үшін стандарттары жазылған 1 стенд бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары: Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдары ілінген. Әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің квалификациясын көтеру үшін арнайы іс-шаралар өткізелді, бүл жүйелі түрде аппаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын оқыту отырыстары (5 хаттама) және «Еңбекшіқазақ» аудандық газеткежәне Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтына 10 мақала шықты. Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылық болған жоқ.

           Қаратұрық ауылдық округінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында жеке кабинет дайындалды. Сол кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» жасалынды Жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған бұрыш, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шақыру түймесі, көліктеріне тұрақ, жайлы орындықтар, бейне бақылау камералары, суға арналған диспенсер бар. Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары халықты электрондық мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына үйрету жөніндегі жұмысты тұрақты түрде жүргізеді.

         Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары тұрақты түрде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі бойынша ауылдық округінің сауда орталықтарында, мемлекеттік жалпы білім беру және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде акциялар ұйымдастыруда. 

Дата публикации
21 апреля 2021