«Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

1.Жалпы ережелер

«Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламанттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;

-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

-корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

            Қызметті беруші туралы мәлімет:

«Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 040425, Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Жаңашар ауылы, Кузиев көшесі № 66 үй,

           2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппаратында 2020 жылы жеті түрлі  мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап өтпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 3.

2.мектепке дейінгі балалар үйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

3.жер учаскесін алу үшін кезекке қою туралы - 12

 4.жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,

5.елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру ,

6.шалғайдағы ауылдықелді мекендерде  тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну- ,

7.бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке шығару

 

-көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 15,

-халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – жоқ,

-көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көсетілгені – 15, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ,

-қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –  15,

-бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының саны – 7, регламенттердің саны – 7

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

         Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары: Жаңашар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдарында ілінген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар 2 стенд ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында округте мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртібі туралы оқыту бейнероликтерін көрсету және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметті алуға құқықтары мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы кітапшалар тарату арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, бақылау камералары орнатылған.

2020 жылдың кезеңінде "Еңбекшіқазақ" газетінде және аудан әкімінің веб-сайтында халыққа мемлекеттік қызметтерді алуды және Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың артықшылығын түсіндіру бойынша мақалалар орналастырылды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы түсіндіру бойынша 4 семинар өткізілді.

"Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мамандарымен 2020 жылы ауылдық округтің 890 азаматының қатысуымен Egov "Азаматтарға арналған электрондық үкімет" арқылы сапалы мемлекеттік қызметтерді алу, үшінші тұлғалардың электрондық анықтамаларды тегін алу сервисі, бір реттік пароль арқылы, яғни ХҚКО бармай және ЭЦҚ пайдаланбай, сондай-ақ месенджер, TelegramEgovKzBot сервистері арқылы нақты уақыт режимінде  жәрмеңке және акция өткізілді, әкімдікте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы электрондық қызметтерді алу мүмкіндігі туралы сондай - ақ, "Digital agent" - "нақты уақыт режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағала"мобильдік қосымшасы туралы түсініктеме берілді.

2020 жылдың сәуір айында аудан әкімінің веб-сайтында 2019 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметі туралы есеп орналастырылды.

 

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

         2020 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

         Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру үшін, тұрғындарға трғылықты жерлерінде мемлекеттік қызметтер көрсету керек.

 

      Жаңашар ауылдық округінің әкімі                             Ж. Кураметов

 

Дата публикации
21 апреля 2021