«Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

Жалпы ережелер

«Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес

мемлекеттік қызмет көрсетеді;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы

қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынады;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

- көрсетілген қызметті алушылардың құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды;

Қызметті беруші туралы мәлімет: «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040430 Қаражота ауылы, Иманов көшесі № 8,

Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Қаражота ауылдық

округі әкімінің аппаратында 2020 жылы 6 (алты) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

  1. мекетепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мекетепке дейінгі жастағы (6 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;
  2. жер учаскесін алу үшін кезекке қою
  3. жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  4. елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
  5. сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  6. бұрыңғы жер пайдалануға берілетін жер учаскесін жекеменшікке сату.

     Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері 2 маманның функионалдық міндеттеріне еңгізілген, өкіммен бекітілген және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтында аталған мамандардын байланыс телефондары, қабылдайтын күндері көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Мақашевқа жүктелген.

     2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 18, оның ішінде

көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені – 18, ақылы негізіндегі

көрсетілгені – жоқ,

-қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 7, ЭЦҚ пайдалана отырып – 0,

-электрондық Үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1274,

-бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының саны–6,

регламенттердің саны – 6

      Округ әкімі аппаратының ғимаратында халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен регламенттер жазылған стенд бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары: Ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдары ілінген және көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында жеке кабинет дайындалды. Сол кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» жасалынды. Жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған бұрыш, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шақыру түймесі, көліктеріне

тұрақ бар. Әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің

квалификациясын көтеру үшін арнайы іс-шаралар өткізілді, бүл жүйелі түрде аппаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерді оқыту отырыстары (5 хаттама), Еңбекшіқазақ ауданының ресмий сайтына                         2 хабарлама және «Еңбекшіқазақ» аудандық газетке 3 мақала шықты.

Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылық болған жоқ.

 

Қаражота ауылдық округінің әкімі Э.Рахимбаев

 

 

Орынд: Б.Мақашев

Тел.: 5-10-08

Дата публикации
20 апреля 2021