«Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ

«Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020  жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы

ЕСЕБІ

          «Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету барысында  ҚР «Мемлекеттік қызметтер  көрсету туралы» Заңын мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін  тікелей басшылыққа алады.

         Дене шынықтыру және спорт бөлімі ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 983 қаулысымен  бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне сәйкес, 2020 жылдың наурыз айынан бастап  ҚР Үкіметінің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтары № 39/НҚ бұйрығымен  бекітілген сәйкес 2 мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

            2020 жылы көрсетілген  мемлекеттік қызметтердің саны -161. Оның ішінде, «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты  спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,  біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары  деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру»-76, «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау»-85, «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының  чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру»-0.

          Барлық   қызметтер қағаз  түрінде көрсетілді. Мемлекеттік  қызметтер тегін  жүргізіледі.

          «Еңбекшіқазақ  ауданының  дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау ережесіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау жағдайына ай сайын мониторинг жүргізеді.

          Халықты  ақпараттандыру үшін бөлім ғимаратында мемлекеттік қызмет

көрсету ережелері, нормаларымен талаптары, анықтама  телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің  үлгілері орналастырылған стендтер бар.

          2020 жылы  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру мақсатында 7 610 адамды қамтитын  27 іс-шара   өткізілді .

          Талданып отырған кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағымдар түскен жоқ.

      «Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ.

Почта мекен-жайы: 040402 Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Набережная көшесі, №152 үй (дене шынықтыру - сауықтыру кешені)
Электрондық мекен-жай: sport.esik@mail.ru

Телефон:8/72775/ 7-01-74

Дата публикации
20 апреля 2021