"Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің 2020 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметінің негізгі бағыттары:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету
- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: "Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, пошталық мекенжайы: 040462, Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі 40, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы.
2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратымен 2020 жылы Мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес мемлекеттік қызметтің жеті түрі көрсетілді:
1) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою,
2) шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну,
3) жер учаскесін алуға кезекке қою,
4) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,
5) елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру,
6) бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату,
7) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
- Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 187
– мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою-жоқ
- шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – 29
- жер учаскесін алу үшін кезекке қою-132
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-11
- елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру-жоқ
- бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату - -
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу) - 15
ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-38
Тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 187, ақылы негізде-жоқ
Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-187
Бекітілген стандарттар саны - 7 , регламенттер саны – 7
Шелек ауылдық округі бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: жер учаскесін алу үшін кезекке қою, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.
Округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар 2 стенд ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында округте мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртібі туралы оқыту бейнероликтерін көрсету және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметті алуға құқықтары мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы кітапшалар тарату арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, бақылау камералары орнатылған.
2020 жылдың кезеңінде "Еңбекшіқазақ" газетінде және аудан әкімінің веб-сайтында халыққа мемлекеттік қызметтерді алуды және Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың артықшылығын түсіндіру бойынша 5 мақала орналастырылды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы түсіндіру бойынша 10 семинар өткізілді.
"Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мамандарымен 2020 жылы ауылдық округтің 338 азаматының қатысуымен Egov "Азаматтарға арналған электрондық үкімет" арқылы сапалы мемлекеттік қызметтерді алу, үшінші тұлғалардың электрондық анықтамаларды тегін алу сервисі, бір реттік пароль арқылы, яғни ХҚКО бармай және ЭЦҚ пайдаланбай, сондай-ақ месенджер, TelegramEgovKzBot сервистері арқылы нақты уақыт режимінде жәрмеңке және акция өткізілді, әкімдікте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы электрондық қызметтерді алу мүмкіндігі туралы сондай - ақ, "Digital agent" - "нақты уақыт режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағала"мобильдік қосымшасы туралы түсініктеме берілді.
2020 жылдың сәуір айында аудан әкімінің веб-сайтында 2019 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметі туралы есеп орналастырылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру ауыл тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.
2020 жыл кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері ауыл азаматшасынан АӘК алу мәселесі бойынша 1 шағым түсті.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру үшін азаматтардың тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын көңіл бөлу қажет.
Шелек ауылдық округінің әкімінің м.а.: С.Д.Абдихалиев