«Еңбекшіқазақ ауданынынң экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы туралы есебі
«Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бір мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді: «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну».
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының және Ұлтттық Экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсетуші туралы мәлімет: «Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі, пошталық мекенжайы: 040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы 21а. Байланыс телефондары: 8/72775/7-23-56, 7-20-19.
2020 жылы барлығы 113 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның барлығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсетілді. Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит 48 маманға берілді, ал көтерме жәрдемақы 65 маманға төленді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электронды және қағаз жүзінде жүзеге асырылады.
Бөлім тарпынан тиісті нормативтік құжаттар қабылданған, мемлекеттік қызметті көрсетуге, жинақтауға жауапты тұлғалар бекітілген.
Аудандық әкімшіліктің веб-сайтының «Мемлекеттік қызмет көрсетулер» бөлімінде халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен регламенттер, сонымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі бар.
Халықты ақпараттандыру бойынша мемлекеттік органда мемлекеттік қызметті көрсетудің регламенті мен стандарттары аудандық әкімшіліктің 1 қабатының № 117 кабинетінде орнатылған, телефон нөмерлері мен арыз бланкілерінің үлгілері көрсетілген. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ғимаратында «Сервистік әкімдік» алаңы ашылған. Алаңда мемлекеттік қызмет туралы барлық ақпарат берілуде.
Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалау шарттарының бірі – қызметті уақытылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып табылады.
Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шағым түскен жоқ.
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Мушаева