«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Самайасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламанттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;

-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

-корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

Қызметті беруші туралы мәлімет:

«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 040452, Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы, Э. Хазиев көшесі №2.

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Саймасай ауылдық округі әкімінің аппаратында 2020 жылы 7 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 0;

2) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру – 0;

3) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 2;

4) елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 0;

5) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 1;

6) бұрын жер пайдалануға берілген жер кчаскесін жекеменшікке сату – 0;

7) жер учаскесін алу үшін кезекке қою –39 .

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны  – 42.

-қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 42.

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

         Самайасай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдарында ілінген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

       2020 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
15 апреля 2021