Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының 2026 жылғы 3-і тоқсандағы жұмысы туралы есебіне талдамалық анықтама

Ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің деңгейінде 38 қызмет көрсетуші мемлекеттік орган жұмыс атқарады: аудан әкімінің аппараты, 25 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, Есік қаласы әкімінің аппараты, 11 аудандық бөлім.

 

І. Бақылау іс-шараларының нәтижелері.

 

Аудан әкімінің 2025 жылғы 01 желтоқсандағы № 160-ө өкімімен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі 2026 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2026 жылдың 3-ші тоқсанында 1 бақылау іс-шарасы өткізілді (жоспардан 100,0%), онда 1 жергілікті атқарушы орган қамтылды.

Бақылау іс-шарасын өткізу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау тұрғысынан 17 бұзушылық анықталды:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзудың 1 фактісі;
  • Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзудың 1 фактісі;
  • «Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін (бизнес-процестерін) бұзудың 15 фактісі.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесінде 2 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, атап айтқанда жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары мен Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманына – ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.  

         Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 2 ұсыным әзірленіп, орындалуда тұр.

         Анықтама: 2025 жылдың ІІІ-тоқсанында  аудан әкімі аппаратымен 1 бақылау іс-шарасы өткізіліп, онда 1 объект жергілікті атқарушы орган қамтылып,  7 бұзушылық анықталды. 1 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды (сөгіс).

 

ІІ. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына ішкі байқау.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу қағидаларының 2-параграфына сәйкес, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуына ішкі байқау жүргізді. Ішкі байқаумен аудан әкімдігінің 2 мемлекеттік органы қамтылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жүргізілген «e-License» ақпараттық жүйесіне ішкі бақылау нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Анықтама үшін: 2025 жылдың ІІІ тоқсанында аудан әкімі аппараты «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде аудан әкімдігінің 3 мемлекеттік органына қатысты ішкі байқау жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 32 бұзушылық анықталды.

 

 

         ІІІ.  Ішкі бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшесі жүргізген мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы ақпараты:

         Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері 63 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.  (2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда – 55 қызмет түрі, 14,6 % көп).

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібін айқындайтын 15 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

1) «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығы.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 № 243 бұйрығы (21.07.2026ж бастап)

2) «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.03.2026 № 130 бұйрығы (12.07.2026 бастап)

3) «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы         Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығы.

    ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығы

  • «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығы

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 17.06.2026 № 227 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығы.

  • "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.06.2026 № 282 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығы

  • "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығы (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі)

  • «Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығы

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 26.04.2024 № 174 бұйрығы

  • «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығы

  • «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 бұйрығы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 № 244 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығы

  • «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 27 наурыздағы № 159 бұйрығы

    ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.05.2026 № 244 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығы

  • «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 бұйрығы (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі)

  • «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығы

    ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығы

  • «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығы

       ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 бұйрығы (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі)

  • «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығы

    ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 бұйрығы (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі)

  • «Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 265 бұйрығы (03.08.2026 бастап қолданысқа енгізілді). Алдыңғы бұйрықтың күші жойылды.
  1. Электрондық үкімет порталы (Egov), сондай-ақ «Электрондық лицензиялау» (E-license) порталында – 19 қызмет, БМЖМК порталында – 5 қызмет, МҚКК ААЖ порталында – 2 қызмет бойынша мемлекеттік қызметтердің жұмыс қабілеттілігіне жүргізілген мониторингке сәйкес төмендегідей анықталды: 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бекітілген тізілімге сәйкес барлығы 63 мемлекеттік қызмет бар. Оның ішінде 48 (76,2 %) мемлекеттік қызмет автоматтандырылған, ал 15 (23,8 %) мемлекеттік қызмет порталда автоматтандырылмаған.
  2. 2025 жылғы 19 желтоқсанда 2026 жылға арналған Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің Медиа – жоспары (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша БАҚ-да жарияланым, оның ішінде қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру) бекітілді.          

         2026 жылдың ІІІ-і тоқсанында 229 түсіндіру іс – шаралары өткізілді (2025 жылдың ұқсас кезеңінде- 371, 308739 -  халық қамтылды). Ауданның мемлекеттік органдарымен  «Еңбекшіқазақ», «ЮиТ» газеттерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы 30 мақала жарияланды, 50 мақала аудан әкімдігінің ресми сайтында «жаңалықтарда» орналастырылды, әлеуметтік желілерде 34 жарияланым, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы 32 инфографика, 13 «дөңгелек үстел» және 14 семинар, 2 онлайн жәрмеңке, 16 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, 10 Мобильді қосымшалардың презентациясы,  16 Қызмет алушылар күні, «Qyzmet live» жобасы бойынша 3 баспасөз конференциясы, онда 387 297  адам түсіндіру іс – шараларымен қамтылды (ауданның экономикалық белсенді тұрғындары - сайлаушылардың 261,9 %). Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 9 бейнеролик дайындалды.

  1. А.ж. ІІІ-тоқсанында 4 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша оқытылды.
  2. Есепті кезеңде Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі бойынша 3 мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін бұзу фактісіне жол берілді:
  • Ағымдағы жылдың шілде айында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімін 2 жұмыс күніне бұзған.
  • Шілде айында Қаражота ауылдық округінің әкімі "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетудің 2-кезеңінде белгіленген мерзімді бұзған.

    3) Қыркүйек айында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетудің 1-кезеңінде белгіленген мерзімді бұзған.

         2025 жылдың ұқсас кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерінің 10 бұзушылығы тіркелген.

  1. Есепті кезеңде аудан әкімдігіне мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ. 

 

 

    Аудан әкімі

    аппаратының басшысы                                                        М.Мемельбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  В.Бекбулатова, Р.Ордабаева

( 8 (72775) 7-26-36 

Дата публикации
06 октября 2026