«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ-де және оның құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2 және 4-тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 20 маусым мен 15 шілде аралығында «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Ішкі талдаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ оларды жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту бойынша шаралар әзірлеу.

Барлық мүдделі тұлғалар «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты ұсыныстары мен ескертулерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында қарастыру үшін жолдай алады.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 700 310 87 77

Дата публикации
10 июня 2026