«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер:
«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, 21А, индекс 040400.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметінде бөлім Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлім мемлекеттік қызметтерді бекітілген қағидаларға сәйкес көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер саны – 6 .

«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 2025 жылы мемлекеттік қызметтердің 6 түрі, 7 кіші түрі бойынша қызмет көрсетті:

  1. Ағаштарды кесуге рұқсат беру;
  2. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою;
  3. Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару;
  4. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келісу;
  5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй-жайларды жекешелендіру;
  6. Тұрғын үй сертификаттарын беру;
  7. Энергия өндіруші және жеткізуші ұйымдарға, сондай-ақ жылу өндіруші және тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық паспортын беру.

 

Есепті кезеңде, 2025 жылы мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген жоқ. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің 6 түрі, 7 кіші түрі тегін негізде көрсетілді.

Барлығы 61 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

2025 жылдың есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетілген жоқ.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің 6 түрі, 7 кіші түрі электрондық форматта көрсетіліп, бұл халыққа қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етті.

 

  1. 2025 жылғы есепті кезеңдегі ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет туралы ақпарат.

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет ағаштарды кесуге рұқсат беру қызметі болды, аталған қызмет бойынша 51 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

2025 жылға бекітілген медиажоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету және халықты ақпараттандыру мақсатында бірқатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аудандық газет беттерінде 5 мақала, әлеуметтік желілерде 7 мақала және аудан әкімінің ресми сайтында 7 мақала жарияланды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы түсіндіру жұмыстарын кеңінен насихаттау мақсатында 1 бейнеролик әзірленді.

Халықпен кері байланысты нығайту және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында 1 жәрмеңке, 1 онлайн-жәрмеңке, 2 қызмет алушылар күні ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және тұрғындармен ашық диалог орнату мақсатында 1 дөңгелек үстел, 2 жария талқылау және 1 презентация өткізілді.

Бұдан бөлек, «Qyzmet Live» форматында 2 тікелей эфир ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық қолжетімділікті арттыру мақсатында 4 инфографика дайындалып, жарияланды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша қызмет.

2025 жылы бөлім мамандары мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен жоқ. Алайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және осы саладағы жұмысты жетілдіру мәселелері бойынша бөлім қызметкерлеріне арналған бір (1) семинар өткізілді.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғаларды және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен ішкі бақылауға жауапты қызметкерлерді бекіту туралы тиісті нормативтік актілер қабылданды.

Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бағалау критерийлерінің бірі – қызметтерді уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан келіп түскен шағымдар туралы ақпарат (қосымша).

2025 жылдың есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

 

Бөлім басшысы                                      Н. Ермаханбет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған С.Нуржауов

Тел:87079096462

Дата публикации
14 мая 2026