Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Еңбекшіқазақ ауданы құрылыс бөлімі арқылы заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу үшін ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе), (single sign-on) бірыңғай кіру технологиясы арқылы Жүйемен интеграцияланған "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) немесе жүйемен интеграцияланған көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру объектісі арқылы өтініш беруіңіз қажет.
Қажетті құжаттар: Шартты есепке қою кезінде:
- Электрондық көшірме немесе электрондық Шарт;
Шартқа қосымша келісімді есепке қою кезінде:
- Электрондық көшірме немесе Шартқа электрондық қосымша келісім;
Талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шартты есепке қою кезінде:
- Электрондық көшірме немесе талап ету құқықтарын басқаға беру туралы электрондық шарт;
Үлесті беру туралы шартты есепке қою кезінде:
- Электрондық көшірме немесе үлесті беру туралы электрондық шарт және үлесті беру актісі;
Шартты бұзу себебі бойынша оны есептен шығару кезінде:
- Электрондық көшірме немесе Жүйеде тіркелген Шарттың бұзылғанын растайтын электрондық құжат.
Заңда тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
-тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың электрондық көшірмесін есепке қою (бұдан әрі – Шарт) – өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде,
-тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы электрондық шартты есепке қою – Жүйеде өтінім келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
-шартты есептен шығару Шартты есепке қою мерзімдеріне ұқсас мерзімдерде жүзеге асырылады;
-шартқа қосымша келісімдерді және талап ету құқықтарын беру туралы шарттарды қою және есептен шығару Шартты қою және есептен шығару рәсіміне ұқсас жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау.
Жұмыс графигі:
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
Еңбекшіқазақ ауданы құрылыс бөлімі - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 12.30-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
Байланыс телефоны: 87277540261
Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс бөлімі