Есік қаласы әкімінің аппаратының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ

«Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Есік қаласы әкімінің аппараты 5 (бес) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетеді, олар:

         - Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

         - Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық                    

           маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;

        - Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге 

          сату;

         - Жер  учаскесін  жалдау  мерзімін  ұзарту.

         - Жер учаскесін алу үшін кезекке қою:

        2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны- 2085 (екі мың сексен бес).  Атап айтқанда: альтернативты негізде қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 16 (он алты), электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны– 2029 (екі мың жиырма тоғыз), оның ішінде, электрондық үкімет порталы арқылы-1990 (мың тоғыз жүз тоқсан)  және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы-79 (жетпіс тоғыз) мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

         Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізделген бас тартулардың жалпы саны- 45(қырық бес).

2024 жылмен салыстырғанда, жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтер-  15,6 %-ға, оның ішінде,  альтернативты негізде қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер-6,7 %-ға, электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер-13,5 %-ға,  электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер- 15,1 %-ға өскен.

Қала әкімдігі тарапынан, қала тұрғындарын мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар ету үшін «Есік қаласы әкімінің аппараты» ММ тарапынан әртүрлі түсіндіру іс-шаралары өткізілді, атап айтқанда: тұрғындарды мемлекеттік қызмет алу туралы ақпараттандыру бойынша бейнероликтер, мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы мақалалар, мемлекеттік қызмет көрсету туралы семинарлар, электрондық қызметтер жәрмеңкелері, «мобильді қосымша арқылы қызметтерді алу» презентациялары, сондай-ақ «онлайн режимде электрондық мемлекеттік қызметтерді алу» акциялары.

  Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 100 (жүз) түсіндіру іс-шаралары  өткізіліп, 210677(екі жүз он мың алты жүз жетпіс жеті) адам қамтылды.

Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін "Есік қаласы әкімінің аппараты" ММ-нің ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, анықтамалық телефондардың нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стендтер  бар.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 (бір) мемлекеттік қызметкерлер өтті, 2025 жыл кезеңінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

Дата публикации
21 апреля 2026