«Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

"Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:

         - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

         -мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

         -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;

         -мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

         -мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

         -көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

         -корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

 

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

 

"Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 040400, Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі, № 318А.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

 

«Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»;

2) "Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру".

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

 

         Аталған қызметтер электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде, мемлекеттік корпорация арқылы, "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетіледі.

         Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін түрде көрсетіледі.

 

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны

 

 

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3.

1) «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы;

2) «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы;

3) «Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығы.

        

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

         Көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс жүргізіліп отырады. Атап айтар болсақ, қызмет алушылармен тиісті өтімдерін қарап, қажетті құжаттарды толықтыру немесе спорттық атақтарды беру шарттарын түсіндіру Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өткізіліп отырады.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

 

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобалары Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайты арқылы, Еңбекшіқазақ аудандық газеті арқылы, әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде бөлімнің https://www.instagram.com/enbekshikazakh_madeniet инстаграм парақшасы арқылы жүргізіледі.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар 

 

         Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Бөлім басшысы мен жауапты маман тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үдерісіне тартылған мамандармен түсіндіру шаралары, қызмет алушылармен, спортшылармен, қарапайым халықпен жиналыстар, акциялар мен семинарлар өткізіліп отырады. 

 

         2025 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 76 спорттық атақ пен разряд берілді. Атап айтқанда:

  • Спорт төрешісі — 3;
  • Бірінші жасөспірімдік разряд — 33 спортшы;
  • Екінші жасөспірімдік разряд — 2 спортшы;
  • Үшінші жасөспірімдік разряд — 19 спортшы;
  • Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы — 3;
  • Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы — 5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жыл бойы 33 түсіндірме іс-шарасы ұйымдастырылды.

     

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

 

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар жоқ.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

         Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің, шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар жоқ.

         Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру туралы ұсыныстар түскен жоқ.

 

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

 

         Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижесіне сәйкес, «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысы  «жақсы» деп бағаланды.

 

 

          

 

 

Дата публикации
21 апреля 2026