
Ауданның су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 911,6 км құрайды, ауданда жалпы саны 303,1 мың адамнан асатын 79 елді мекен бар. Орталықтандырылған сумен 71 елді мекен қамтамасыз етілген, бұл 89,9% – ды, орталықтандырылмаған 8 елді мекен-10,1% - ды құрайды. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін кезең-кезеңмен шешу мақсатында ағымдағы жылы 18 елді мекенде су құбыры желілерін қайта жаңарту мен салуға жобалық құжаттама әзірленуде.
Электр желілерінің жалпы ұзындығы-4124 км, 1014 трансформаторлық қондырғы бар, оның ішінде: коммуналдық меншікте-148,7 км 81 трансформатор, қалған 3975,3 км 933 трансформатор АЖК меншігінде.
79 елді мекеннің 65-і газдандыруға жатады, аула саны – 47 313, бүгінгі күні 23513 ауласы бар 9 елді мекенді газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Газ құбырларына қосылуға абоненттермен 12 797 шарт жасалды (50%), оның 8932 – і газға қосылды, бұл 38,0% - ды құрайды.
Бүгінгі күні салынған газ құбырларының жалпы ұзындығы 715 км құрайды, ауданды газдандырумен 3 мекеме айналысады:
1."АПЛ констрашен" (Есік, Шелек, Турген), тариф - 36,6 тг.
2."Газ трейд сервиз" (Бәйтерек, Ават, Жанашар), тариф - 34,4 тг.
3."Спецстройбранд" (Қайназар, Рахат, Азат), тариф - 32,2 тг.
Аудан бойынша 395 көп қабатты үй, оның ішінде ағымдағы жылы БМҚ-ға 79 көп қабатты үй, 23068 адам қосылады. Ағымдағы жылы облыстық мемлекеттік жеке серіктестік басқармасымен ауданда 21 БМҚ орнату жоспарлануда. Мемсараптама 21 БМҚ-ға дайын. Бүгінгі таңда Есік қаласында 2 БМҚ орнатылған. 9 БМҚ-ның құрылысы басталды.