
"Келісімде өмір сүретін ел бай". Барлық қазақстандықтарды ортақ құндылықтар: адамның қадір-қасиеті мен амандығы, бостандық, бірлік, әділеттілік, заңның үстемдігі, отбасы мен дәстүрлер, болашаққа ұмтылу біріктіреді. Біз өз келісіміміз бен бірлігімізді сақтауға тиіспіз.
Ішкі саясат басқармасы мемлекеттілік пен халық бірлігін қамтамасыз етуге, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, облыс тұрғындарының азаматтық белсенділігі мен әлеуметтік оң көзқарасын қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуға, аймақтың ақпараттық ауқымының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге, аймақтағы этносаралық және конфессияаралық қатынасты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.