Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
s.alipova@almobl.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Алипова Сауле Базарбайқызы
"Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" ММ-нің әкімі
Общая информация, образование

Алипова Сауле Базарбайқызы 1964 жылдың 11 наурызында Түркістан /бұрынғы Шымкент/ облысы, Төлеби /бұрынғы Ленгір/ ауданы Ақжар кеңшарында жұмысшы отбасында дүниеге келдім. 1971 жылы Ақжар кеңшарындағы  Ақжар орта мектебінің 1-ші сыныбына барып,  1981 жылы аяқтадым. 1981 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ-химия технологиялық институтының кешкі бөліміне «кілегейлі материалдың химиялық технологиясы» факультетіне түсіп, 1986 жылы инженер-химик-технолог мамандығын алып шыққтым.

Карьера
  • Еңбек жолын 1981 жылы Шымкент қаласындағы № 20 балалар бақшасында санитар-бала күтуші жұмысынан бастадым. 1982 жылы № 29 «Айжан» балалар бақшасына ауыстым.
  • 1984-1986 жж. Шымкент қаласындағы «АвтоВаз техникалық қызмет көрсету » орталығында тапсырыс қабылдаушысы болып жұмыс атқардым.
  • 1986 жылы «Шымкент Асбестті цемент конструкциясы» комбинатына 2-разрядты токарь болып қабылдандым.
  • 1987-1988 жж.- осы комбинаттың Құбыр цехының ауысым шебері қызметін атқардым.
  • 1988-1989 жж. ОҚО, Бәйдібек /бұрынғы Алғабас/ ауданы Жамбыл кеңшарында Тракторшылар бригадасының аспазшысы болдым.
  • 1989-1999 жж. ОҚО, Бәйдібек ауданы Жамбыл кеңшарындағы Жамбыл орта мектебінде Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметінде болдым
  • 1999-2003 жж. ОҚО, Сайрам ауданы Ақ-су кенті, Сайрам аудандық әскери комиссариатында Мемлекеттік тіл аудармашысы болып кадр бөлімінде қызметін атқардым.
  • 2003 жылдың соңында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бірлік ауылына котбасыммен бірге көшіп келдік.
  • 2004 жылы «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не Еңбекшіқазақ аудандық халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бөлімі арқылы қоғамдық жұмысқа орналастым.
  • 01.09.2005 жылы «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің іс-жүргізуші бас маманы қызметіне тағайындалдым.
  • 27.05.2009 жылы Балтабай ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметіне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы аумақтық басқармасының келісімімен тағайындалып, қазіргі күнге дейін осы қызметті атқарудамын.
  • 2023 жылдан  бастап қазіргі уақытқа дейін – "Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" ММ-нің әкімі, Балтабай ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы