Исатаев Рұстам Маратұлы
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі
Общая информация, образование
Рустам Маратұлы Исатаев 1986 жылы 07 желтоқсанда Шығыс-Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген. 2008 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Дарэм университетін (Durham University) экономика мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылы Гарвард университетін (АҚШ) мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.
Карьера
- Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің бас сарапшысының м.а., Астана қаласы.
- 2009 жылы - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің бас сарапшысы, Астана қаласы.
- 2009-2012 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, Астана қаласы.
- 2012-2014 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының консультанты, Астана қаласы.
- 2014-2018 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы.
- 2018-2019 жылдары - "Kazakh Invest "ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Астана қаласы.
- 2019-2020 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы, Астана қаласы.
- 2020-2021 жылдары - АҚШ Гарвард университетінің студенті.
- 2020-2021 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (оқу демалысы 09.2020 - 09.2021).
- 2021-2022 жылдары - «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС вице-президенті.
- 2022-2023 жылдары - Алматы облысы әкімінің кеңесшісінің міндетін атқарушы, Қонаев қаласы.
- 2023 жылы - Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Қонаев қаласы.
- 2023-2026 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары, Қонаев қаласы.
- 2026 жылы - ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісінің міндетін атқарушы, Астана қаласы.
- 2026 жылы - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, Астана қаласы.
- 2026 жылы - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы, Астана қаласы.
- 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін - Еңбекшіқазақ ауданының әкімі, Есік қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.