Басқармадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел қорытындысы

Басқармадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел қорытындысы

2022 жылдың 27  мамырында Алматы облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы басшысының м.а. А.Егеубекұлының төрағалығымен және Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Б.Абеновпен, Басқарма жұмыскерлері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы жаңашылдықтар тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде сыбайласжемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана, сыбайласжемқорлықтың таралу себептері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы жаңашылдықтар туралы тақырыптары түсіндіріліп, қызметкерлер арасында талқыланды.Сондай-ақ, дәріс қатысушыларына әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша, оның ішінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 154, 680, 681-баптарына сәйкес түсініктемелер берілді.

Басқарманың фейсбук парақшасындағы сілтеме:

https://www.facebook.com/100081589908555/posts/108219898574340/?d=n