Департамент басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Департамент басшысы азаматтарды жеке қабылдады
2026 жылғы 22 қаңтарда департамент басшысы Ахметова Айгуль Матановна  азаматтарды жеке қабылдады.
 
Жеке қабылдауға қатысқандар саны:
•Қарасай ауданы – 2 азамат
•Талғар ауданы – 1 азамат
 
Қатысушылар өздерінің қызметтік мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, толық және нақты жауаптарын алды. Көтерілген мәселелер еңбек қатынастары, әлеуметтік аударымдар, жұмыс жағдайын жақсарту және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етуге қатысты болды. Департамент басшысы әрбір сұраққа егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, тиісті іс-шараларды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар берді.
Бұл іс-шара азаматтарға ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті деңгейде еңбек қатынастарының заң талаптарына сай реттелуін қолдау мақсатында өткізілді.