Аудандық үшжақты комиссия отырысы өтті

Аудандық үшжақты комиссия отырысы өтті

2026 жылғы 22 қаңтарда Ұзынағаш ауылында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында еңбек заңнамасындағы өзгерістер, еңбек саласын цифрландыру, Enbek.kz ақпараттық жүйесіне электрондық еңбек шарттарын енгізу, ұжымдық шарттарды цифрландыру, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік аударымдарды төлеу тәртібі мәселелері қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес реттеу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек жанжалдары мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарды уақытында төлеуін бақылау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.