Ақпараттық-талдамалық қамсыздандыру бөлімінің ережесі

«Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

ақпараттық-талдамалық қамсыздандыру  бөлімінің

ережесі

  1. Жалпы ережелер
  2. Ақпарттық-талдамалық қамсыздандыру бөлімі (әрі қарай - бөлім) «Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - Басқарма)  құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз кезегінде бөлім, шаруашылық түрі мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» заңдарының және өзге де еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормативті актілердің  мемлекеттік бақылауын жүзеге асырады.
  3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Бөлім туралы Ереже, бөлімнің құрылымы мен штат санын Басқарма басшысы бекітеді.

 

  1. Бөлімнің негізгі пайымы, функциялары, құқықтары мен міндеттері

Пайымы:  

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағыталған құқықтық реттеу болып табылады, яғни бақылауды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

 Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушілердің азаматтарға жасайтын қауіпсіз еңбек жағдайын, өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеуді құқықтық кепілдіктердің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) Алматы облысының мекемелерінде еңбек заңнамасын бұзу себептерін жинақтау, талдау және қорыту;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуге бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша шараларды әзірлеуге және қабылдауға қатысу;

4) еңбек заңнамаларының сақталуы бойынша ақпараттар, анықтамалар және мәлімдемелер дайындау;

5) инспекция жұмысы туралы және тексеру барысында анықталған еңбек заңнамаларының заң бұзушылықтары туралы ақпаратты басқарма басшысына уақытылы беру;

6) өндірісте орын алған жазатайым оқиғаларды, кәсіптік ауруларды тергеп-тексеру, тіркеуге алу және талдау жасау;

7) Алматы облысындағы ірі кәсіпорындарда орын алған жазатайым оқиғалардың мониторингін жасау;

8) Алматы облысының мекемелері мен ұйымдарына еңбек заңнамалары мен техника қауіпсіздігі талабтарының сәйкестігі туралы қорытындылар беру;

9) тексеру нәтижесі бойынша заңбұзушылықтарды жою жөнінде Ұйғарымдар беру;

10) Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасының қолданылуы мәселелері бойынша азаматтады қабылдау және олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

11) еңбек шарт, ұжымдық шарт және келісімдерде қарастырылған талаптарды орындамайтын   жұмысберушілер мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау.

12) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды бақылау кезінде азаматтар мен қызметкерлер өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

13) Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасының қолданылу мәселелері бойынша жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;

14) еңбек заңнамасының бұзылуына алып келетін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды түзету және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру бойынша ұсынымдар беру;

15) еңбекақы қарыздары бойынша мониторинг жасау;

16) жұмыс беруші ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін (есептік тіркеу) жүзеге асыру;

17) еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандардың мониторингін жүзеге асыру;

18) «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорының толықтырылуына мониторинг ұйымдастыру;

19) қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдердің бағалануына мониторинг ұйымдастыру;

20) қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізуді мониторинг жасау;

21) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасының қолданылуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу; 

22) бақылаушы өзгеде мемлекеттік органдармен, қызметкерлердің өкілдерімен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесе отырып іс-қимыл жасау.

Бөлімнің құқықтары:

         Өзіне берілген негізгі пайымдар мен функцияларды орындау мақсатында белгіленген тәртіпте өз құзіреті шегінде бөлім мыналарға құқылы:

1) еңбек заңнамаларының сақталуын бақылау мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарда  еш кедергісіз тексеру жұмыстарын жүргізуге;

2) белгіленген тәртіпте уәкілетті жергілікті атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден (заңды тұлғалардан), жеке тұлғалардан, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардан талдау жұмысын қамтамасыз ету және Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті, ақпараттық  сипаттағы құжаттар мен анықтамаларды сұратып алуға;

3) өз құзіреті шегінде жұмыс берушілерге заң бұзушылықты жою, оны болдырмау жөнінде ұйғарымдар беріп әкімшілік хаттамалар мен қаулылар толтырады. Белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдар сала алады;

4) бөлімнің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге;

5) ұйымдар мен өндірістік цехтардың, участоктардың, жұмыс орындары мен жабдықтардың еңбек қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеген жағдайларында, міндетті түрде сотқа беру арқылы үш күн мерзімге жұмысын тоқтата алады;

6) мемлекеттік еңбек инспекторларының заңды актілерін орындамаған жағдайда, құқық қорғау мен сот органдарына еңбек заңнамаларының бұзылу фактілері бойынша арыз-шағымдар мен басқа да материалдар түсіре алады;   

7) еңбекақыны толық көлемде және уақытылы төлеу, штат санының немесе адам санының қысқартылуы мәселелері бойынша бақылауды жүргізуге;

8)  шетелдік кәсіпорындарда Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің және «Халықты жұмыспен қамту» заңдарының сақталуын мақсатты түрде тексеруге;

9) шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатында қарастырылған ерекше шарттардың орындалуын тексеруге;

10) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің сақталуын бақылау барысында басқа-да мемлекеттік органдармен тексеру жұмыстарын жүргізе алады;

11)  Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар.

Бөлімнің міндеттері:

         Еңбек заңнамасының, еңбек саласында  құқықтық-нормативтік актілердің   бұзылуын алдын-алу мақсатында бөлім міндетті:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, ҚР «Халықты жұмыспен қамту», «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» заңдарының және басқа да құқықтық-нормативтік актілердің орындалу барысын бақылау сонымен қатар белгіленген тәртіпте заңбұзушылықты болдырмауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, ҚР «Халықты жұмыспен қамту», «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» заңдарының және басқа да құқықтық-нормативтік актілердің орындалуын сапалы және уақытылы тексеруді жүзеге асыру;

3) тексеру кезінде белгілі болған заңбұзушылықтарды жою туралы және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөніндегі мәселелер бойынша жұмысберушілер мен мекеме басшыларын белгіленген тәртіппен хабардар етуге;

4) ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек заңнамаларын талаптарын орындаулығын, оның ішінде еңбек жағдайы бойынша қауіпсіз жұмыс орнымен қамтамасыз етулігі туралы көрсеткіштер талдауын жасауға, ақпарат жинап оны жүйелендіруге, статистикалық мәліметтерді өңдеуге, белгіленген тәртіппен Алматы облысының Әкімдігіне және Министрлікке ақпарат беруге;

5) еңбек заңнамаларының бұзылуын алдын-алуға бағытталған іс-шараларды жасап оның орындалуын қамтамасыз етегу;

6) азаматтардан келіп түскен құзіретіне кіретін арыз-шағымдарды, өтініштер мен ұсыныстарды қарастырып талдауға;

7) кәсіпорындар мен мекемелерде, ақпарат көздері арқылы еңбек заңнамасы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

8) мемлекеттік еңбек инспекторларының білімін жетілдіруге.          

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
  2. Бөлімді бөлім басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы басқарады. Оны Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес   Басқарма басшысы бөлім басшысы лауазымына тағайындап, босатады. Бөлімнің жұмысын бөлім басшысы жүргізеді.
  3. Бөлім басшысы жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауапкершілікте болады.
  4. Жұмысты жүргізу мақсатында бөлім басшысы:

1) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

2) белгіленген тәртіпте Басқарма басшысына бөлім мамандарын сыйақыға және тәртіптік жазаға тартуға ұсыныс жасайды;

3) басқарма басшысына осы ережеге өзгерістер мен түзетулер енгізігу ұсыныс жасайды;

4) мемлекеттік және басқа да мекемелерде бөлімді ұсына алады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ақпараттық-талдамалық қамсыздандыру бөлімінің ережесі
Дата публикации
04 июня 2020