Еңбек қатынастарын бақылау бөлімі туралы Ереже
Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы
Еңбек қатынастарын бақылау жөніндегі бөлім инспекторларының еңбек және атқару тәртібін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету.
Функциялары:
Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) мемлекеттік еңбек инспекторларымен шетелдік жұмыс күшін тарту нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылауды қоса алғанда, еңбек заңнамасының сақталуына, халықты жұмыспен қамту туралы және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізуді ұйымдастыру, заңнама талаптарының бұзылуын болдырмау және жолын кесу бойынша құқықтық және әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау, бұзушылық себептерін талдау.
2) Алматы облысының кәсіпорындары мен ұйымдарына кешенді тексеру жүргізуге дайындау және қатысу және тексеру материалдарын қорыту:
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша орындалуын бақылау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды заңнамада белгіленген тәртіппен уақтылы және объективті тексеру жөніндегі бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету.
4) Алматы облысы ұйымдарында өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жағдайы мен себептерін талдау, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
5) Өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына бөлімнің АТБ қатысуын ұйымдастыру.
6) Алматы облысы ұйымдарының басшылары мен мамандарының білімін тексеру жөніндегі емтихан комиссиясының жұмысына бөлімнің АТБ қатысуын ұйымдастыру
Имидждік жұмысты, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін сақтауды ұйымдастыру және бақылау.
Функциялары:
Әкімдікпен, құқық қорғау органдарымен басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Функциялары:
1) қажет болған жағдайда Бөлім басшысының әкімдік, прокуратура мәжілістеріне, алқаларына, планеркаларына қатысуын қамтамасыз ету.
2) Алматы облысы кәсіпорындарының еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша ақпараттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен тиісті құқық қорғау органдарынан жібереді және сұратады.
3) әкімдікпен, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
4) бөлімнің АТБ сот процестеріне қатысуын қамтамасыз ету.
1) бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметін үйлестіру:
2) еңбек заңнамасының, халықты жұмыспен қамту және басқа да нормативтік құқықтық актілердің сақталуын мемлекеттік бақылау бөлімінің АТБ жүзеге асыруын ұйымдастыру және бақылау, соның ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылау, заңнама талаптарының бұзылуын болдырмау және жолын кесу бойынша құқықтық және әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау, бұзушылық себептерін талдау.
3) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс және шығыс қызметтік хат-хабарларды, іс қағаздарын бірыңғай жүргізуді уақтылы және сапалы қарауға бақылауды жүзеге асыру; Алматы облысының кәсіпорындарында еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі, халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша орындалуын бақылау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды заңнамада белгіленген тәртіппен уақтылы және объективті тексеру жөніндегі бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету.
5) Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептерін талдау, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
6) Алматы облысының өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамында бөлімнің АТБ қатысуын ұйымдастыру.
7) еңбек қатынастары, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ақпараттық - түсіндіру қызметін және бөлімнің ШЖК тарту нормативтік ережелерін жүргізуді ұйымдастыру.
8) бөлімнің ГИТ белгіленген нысандары бойынша жоғары тұрған органдарға есептілікті уақытылы ұсынуын және құрастыруын бақылау.
9) еңбек заңнамасын сақтау және халықты жұмыспен қамту жағдайы туралы ақпараттың, анықтамалардың және баяндамалардың уақтылы дайындалуын бақылау.
10) құрылыс саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға кешенді тексеру жүргізуге бөлімнің АТБ қатысуын және олардың тексеру материалдарын қорытуды ұйымдастыру, дайындау:
11) Алматы облысы ұйымдарының басшылары мен мамандарының еңбек заңнамасының білімін тексеру жөніндегі емтихан комиссиясының жұмысына бөлімнің АТБ-ның қатысуын бақылау.
12) еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарынан белгіленген тәртіппен ақпарат пен материалдарды жіберу және сұрау салуларды жүзеге асыру.
13) Департамент басшылығының өкімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.
14) азаматтарды қабылдау мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыруды бақылау
Еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту және мүгедектердің құқықтарын сақтау.
15) басқарма атынан сот процестеріне бөлімнің ГИТ қатысуын қамтамасыз ету:
16) еңбек заңнамасы мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру және өткізу.
17) жұмыс уақытын есепке алу табелін, іссапар куәліктерін уақтылы беруге бақылауды жүзеге асыру.
18) компьютерлік және көшіру техникасын, байланыс қызметі лимитін ұтымды және мақсатты пайдалануды бақылауды жүзеге асыру.
19)әкімдіктің және прокуратураның кеңестеріне, алқаларына бөлімнің АТБ қатысуын қамтамасыз ету.
20) бөлімде орындаушылық тәртіпті және моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
1) мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.