Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының қызметіндегі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындылары

Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының қызметіндегі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындылары

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының    2021 жылғы 10 наурыздағы №38 бірлескен бұйрығы негізінде жұмыс тобы Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының (бұдан әрі-Инспекция) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 Жарлығымен бекітілген" сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қағидаларының " 8-тармағына сәйкес сыртқы талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау аяқталғаннан кейін анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 15 ұсынымдар әзірлеумен талдамалық анықтама жасалды.

Мысалы, талдау инспекция қызметінде келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады:

- бөлімдердің бекітілген ережелерінің болмауы;

- құрылымдық бөлінудің сәйкессіздігі;

- жоспардан тыс тексерулер процесін регламенттеудің болмауы;

- тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша кемшіліктердің болуы;

- бекітілген тексеру жоспарларының болмауы;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізудің ресмилігі;

- және т. б.

Бүгінгі таңда ММ-да  барлық ұсыныстар орындалды.

Дата публикации
02 ноября 2021